Қой жасаған той – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Қой жасаған той» атты Ескен Елубаев жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жазғытұрым жайлауға,
Жиналғанда барлық қой.
Он жылдығын тойлауға,
Ниет еттi,
Саулық Қой.
Жылда табар егiзден,
Бiлетiн Қой өз iсiн.
Шақырды ол емiзген,
Тойға он сегiз қозысын.
Қой отырып қараса,
Немерелер баршылық.
Шөберенi санаса,
Келген екен шаншылып.
Өсiп-өнген тұқымы,
Қой бақытты мал екен.
Неменелер бұл күнi
Қисапсыз-ақ сан екен.
Туажаттың қаптаған,
Есебiнен жаңылды.
Дəл есебiн таппаған
Қой
Алжасып, аңырды.
Кең жайлаудың төсiне,
Сыймай кеттi келгендер.
Табылмады өзiне
Дəл есебiн бергендер.
Саулық қойдың
Өзi мен
Тұқымының жүнiнен,
Қаншама жiп есiлген,
Қаншама жiп иiрген!
Жүннен тiккен жүздеген
Костюм келген, жейделер.
Саулық Қойға бiз деген
Бай таппадық тең келер.
Сырып тiккен терiден,
Талай-талай тон да жүр.
Сырты момын көрiнген,
Арман бар ма Қойда бұл.
Созбалақтап не керек,
Орасан зор той болды.
Бəрiнен де керемет,
Той жасаған Қой болды.
Бар ма, сiрə, айтары,
Бiзде басқа ой бар ма?
Бəрiнен бай,
Пайдалы
Мың рахмет Қойларға.
Көрiп отыр көздерiң,
Айтыңдаршы үкiмiн.
Есептеп ал, өздерiң,
Оның ұқым-тұқымын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қой жасаған той өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Қой жасаған той өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қой жасаған той өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қой жасаған той өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері