Калинин колхозы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Калинин колхозы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2031
Өзгеріс көп түрінде,
Мұртта — көк мұз, баста — қар
Қара еменнің түбінде
Отыр қыстай ақсақал.
Күнді кешкен не түрлі
Жасы таяу ғасырға.
Отыр көктем секілді,
Немересі қасында.
Жерді жапқан ақша қар
Ақ қояндай жон аппақ.
Тағы да бір ақсақал
Тұғырда отыр қонақтап.
Жердің шаңын жуады
Тау бұлағы бүлкілдеп,
Бала шалдан сұрады:
— Тұғырдағы бұ кім?— деп.
Тамақ кенеп жөтеліп,
Шал толғанып бір қалды.
Алдына алды көтеріп,
Өтіп кеткен жылдарды.
— Көрген оны бәрі елдің
Мәуртінде орақтын.
Келген мұнда Калинин
Ақсақалы Одақтың.
Жазған өзі қолымен
Заңын мұнда оқыған,
Тізерлесіп онымен
Жамбыл бірге отырған.
Жұтып мөлдір ауаны
Кәрі ақсақал тербеліп,
Жерді, суды, даланы
Берген бізге тең бөліп!
Содан бері бұл жерде
Оранып жас гүлдерге.
Тұрып қалған Калинин
Қарап келер күндерге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Калинин колхозы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Калинин колхозы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Калинин колхозы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Калинин колхозы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері