Бұл бетте «Жақша ішіндегі өлең» атты Сырбай Мәуленов жазған поэзия туралы өлең берілген.
07.02.2016
0
0
2450
— Ұйқымызды кім бұзған?
Кім ертемен тұрғызған?
(Жолға шыққан серуендеп)
Жауап берді жел:— Мен,— деп.
Көтеріп ап қолтықтан,
Кім ертемен толқытқан?
(Көк толқыны көлбеңдеп),
Жауап берді көл:— Мен,— деп.
Көтеріліп ылдидан,
Кім көңілге жыр құйған,
(Берген саған күш-медет)
Жауап қатты құс:— Мен,— деп.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі