Қызғалдағым

Бұл бетте «Қызғалдағым» атты Қуат Қайранбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ынтық еткен өзіне қызғалдағым,
Өмірімді көркейткен гүлзар бағым.
Жүрегім де әр мезгіл сен деп соғып,
Арманменен алдыңа жүз барғамын.

Қайырмасы:
Ей, қызғалдағым, қызды арманым,
Осы әнімді қызғалдақ қызға арнадым.

Қызыл гүлдей құлпырған қызғалдағым,
Не сезім бар бойыңда ызғар, жалын?
Өзге біреу үзіп ап кетердейін,
Бір көрмесем күніне мұздар жаным.

Қайырмасы

Қытықтаған көңілді қызғалдағым,
Өтейін деп солмай-ақ күзді алдадың.
Қызғалдағын қызғыштай қорып жүрген,
Тұсай көрме жігіттің ізгі арманын.

Қайырмасы

Тыныс берген тірлікке қызғалдағым,
Байқадың ба жүректің жыр жазғанын.
Махаббаттың мендегі белгісі деп,
Осы әнімді қызғалдақ қызға арнадым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызғалдағым өлеңінің авторы кім?

Қуат Қайранбаев — осы өлеңнің авторы.

Қызғалдағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызғалдағым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуат Қайранбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызғалдағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері