Астана

Бұл бетте «Астана» атты Қуат Қайранбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Алыстан шалған маңайды,
Арқаның төсі арайлы.
Астана сынды ай-қала,
Асқақтап маған қарайды.

Айтатын сөзім кесімді,
Асуға бұрдым көшімді.
Астана асқақ қарайды,
Аймалап ерке Есілді.

Айта алман бүгін «күйім кем»,
Алты әлем саған сүйінген.
Астана - әсем арудай,
Айтулы тойға киінген.

Ажары әрлі ғажап тым,
Ауасын төкті азат күн.
Арқалап өзі тұрғандай,
Арманын барша қазақтың.

Алашқа болып дара шың,
Арқадан таптың жарасым.
Азғана паңдық бар сенде,
Арудай білген бағасын.

Аңсаттың елдің талайын,
Алқаны жырдан тағайын.
Астана асқақ тұр ғой деп,
Аспандап кетпе, ағайын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Астана өлеңінің авторы кім?

Қуат Қайранбаев — осы өлеңнің авторы.

Астана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Астана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуат Қайранбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Астана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері