Өлең, жыр, ақындар

Ғашықпын!

  • Bain
  • 25.04.2015
  • 1
  • 66
  • 544487
Ғашықпын!
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!
Ғашықпын.
Қайтіп оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.
Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
Ақ қанат құсым менің, кеткенің бе?
Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,
Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?
Сарғайған сағынышты басып толық,
Бар үміт, бар сенімді шашып болып,
Өтермін сірә да мен бүл өмірден,
Мәңгілік қалармын мен ғашық болып



Пікірлер (66)

аяна

өте күшті

ляззат

Керемет.Мұқағали атамыздың өлеңдерін шексіз оқи бергің келеді

Риза

Керемет екеніне ешкімнің күмәні жоқ шығар

Бексұлтан

Ғашақпын өлені маган унаиды

Айару

Өте керемет

шахсанам

Ең жақсы көретін өлеңім

Самат

Керемет,әсіресе "Ғашықпын" атты өлеңі өте керемет.маған өте қатты ұнайды.

Олжас

Өте керемет.М.Мақатаев атамыздың өлеңдерін оқи бергің келеді.

Нурдаулет

Оте керемет

Белгісіз жан

Маған бұл өлең ұнады осының арқасында ертең үйлену тойым болады

EagleZ

Керемет♥♥♥

Айдос САГИЕВ

Бақытты бол белгісіз жан)))

Жұлдыз

Керемет өлендер маған қатты ұнады

Т

Менде ғашықпын сол адамға..

Гулнур

Ғашықпын. Атты өлеңі өте кушты екен! бір оқып жаттап алдым, М. Мақатаев атамызға Рахмет

Айжан

Мұқағали атамыздың өлеңдеріне еріксіз
сүйсінесің

Индира

Керемет

Жұмбақ жан

Неге тек Ғашықпын өлеңі, басқа өлеңдері де жақсы емес пе

Ерхан

Автордың есіміне бассаң көп өлеңін табасың

Диана

❤Шын ғашықпын❤

Назерке

Керемет кайта-кайта оқи бергің келеді

Ақерке

Өте керемет !

Бекарыс 8а сынып

Керемет!

Эля

Өте керемет

мұхтар

Маған катты ұнады

Ақжібек Шырбанова

керемет біраз нәрсені еске түсіред

Алдияр

Ғашық адамға талпыныс күш жігер беретін ерекше бір күш силайтын өлең аумақтары, қысқасы шексіздік керемет айтарға сөз жоқ

Алмас

Өте керемет маған үнады ҒАШЫҚПЫН өлеңі

Асылханқызы Гүлназ

Күшті!!!!

Асылханқызы Гүлназ

Жарайсыз.

БЕКЖАН Бекболат

Өте керемет

Нұрболат

Өлең өте тамаша
Маған ұнады

ақжарқын.

Өте керемет бəрі өлеңі əсіресе ғашықпын өлеңі

Белгісіз жан

М.Мақатаев атама мың алғыс.

Айпері

Мен Мұқағали атамыздың өлеңдері күшті

Мұқағали

Мен осы өлеңді жақсы көрем себебі өзімнің қызымды осы өлеңмен сындырдым

Мәншүк

Өте керемет

Айша

Ғашықпын өлеңі маған қатты ұнайды

Сымбат

Өте ерекше шыққан өлең жолдары

айко

өте керемет

Ардақ

Бұл өлең ерекше мазмұнмен жазылған керемет

Аружан

Бүл өленді аитсан беріліп шын жүректен аитқанға не жетсін

Аружан

Өтте керемет

Myrza

Өте тамаша!

Жұлдыз

Оте керемет екі ғашыктарга арналган

Жанарыс

Мұқағали атамыздың өлеңдерін оқи бергің келеді ғой шіркін

махаббат құрбаны

Мұқағали секілді лерик ақын жоқ шығар сіра.Мен Мұқағали ағамның өлеңдерін сүйіп оқимын.Мұқағали Мақатаевте менің сүйікті ақыным.НЕ ДЕГЕН КЕРЕМЕТ ӨЛЕҢ ДЕСЕЙШІ.

Екпін Жанерке

М.Мақатаевтін осы өленің жаттап ертеңгі челленджге қатысамын

Екпін Жанерке

❤Мен ғашықпын❤Мен сияқты ғашықтарға тек бақыт

Asem

Керемет! Мен осы өлеңді жаттап ұстрзыма айтып бердім ол мені мақтады Мұқағали атамыздың арқасында

Қасым

Мұқағали Мақатаевтың Ғашықпын! өлеңі маған ұнады

Әдемі

Рахмет өте әдемі маған ұнады күш і өлең екен

Ернұр

Саламалеикумъ

Айша

Супер!

Дария

өте керемет ,өте әемі мағынаы өен өен екен әемі

Дінмұхаммед

Керемет

С.Еркежан

Өте керемет????, Рақмеееттттт ????????

Дана

Ғашық кезімде мектепте бір жарыс болып осы өлеңді жаттаған едім????

Белгілі жан

Ғашық болған қиынғой менде осы өлеңді жаттап жүрмін. Ғашығым саған бақыт тілейммммммммм

Расул

Күшті менде ғашықпын бір жанға ,,ж.....

Өмір сүрейік алмасып жас кайын

Өмір сүрейік алмасып жас кайын

Көркем

“ Ғашықпын „ өлеңін өте керемет шығарған оқыған сайын көңілің шаттыққа толады

Айссауле

Масқара не деген керемет өлең

айкөркем

Рахмет көптеген мақал үйрендім

Талас

Мұқағали Мақатаевтың «Ғашықпын!» өлеңі — сүйіспеншілік сезімін жүрекпен жеткізетін, махаббаттың нәзік қырларын шебер бейнелеген нағыз поэтикалық туынды. Ақынның қатты сезім мен шынайы эмоцияны сөз арқылы жырлауы оқырманға әсерлі әрі терең ой сыйлайды. Бұл көркем шығарма қазақ поэзиясының рухани байлығын көрсетеді және махаббат тақырыбында жазылған өлеңдер арасында ерекше орын алады.

Мұрат

Қазақ поэзиясының махаббатқа арналған ең әсерлі шығармаларының бірі. Ақын шынайы сезім мен жүрек тебіреніске толы ғашықтықты көркем тілмен жеткізіп, оқырманға махаббаттың нәзік әрі терең мағынасын сезіндіреді. Бұл өлең қазақ әдебиеті классиктері қатарына қосылып, сүйіспеншілік тақырыбында жазылған поэзияның үздік үлгілерінің бірі ретінде жиі ізденеді.

Пікір қалдырыңыз

Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным

  • 1
  • 2

Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным,
Кешкілік бақты ұзақ араладым,
Өбісіп те, өлісіп екеу отыр
Өтіп кеттім, бұрылып қарамадым.

Толық

Жігіттер, мақтанбалық

  • 1
  • 6

Бөрікті аспанға атып, аттан салып,
Жігіттер, мақтанбалық, мақтанбалық!
Қашаннан қазақ деген сырмінезді,
Мақтаусыз да, мақтансыз жатқан халық.

Толық

Кешке таман естігенде

  • 0
  • 1

Капитолия кешке таман естігенде атымды,
Тыңдап тұрдым, шапалақтар шау қарғалар атылды.
Сол бір түн де бақытқа әкеп бөлемеді пақырды.
Мейрамдаған кездерде де, орындалып дегенім

Толық

Қарап көріңіз