Немерем – Ораз Жұмашев

Бұл бетте «Немерем» атты Ораз Жұмашев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Түскендей көктен, төбеден,
Тәңірдей кенет жебеген.
Ғайыптың бақыт құсындай,
Ғажап-ау, шіркін, немерем!
Бесіктен аңқып бір лебі,
Бір мұрат екен күлгені.
Қаз тұрып қайта жығылып,
Қуаныш екен жүргені.
Тәмпиіп алып танауы,
Таусылмай кейде қалауы.
Нөсерін төгіп лезде,
Жүзінде жанар алауы.
Тыншытпас тірлік күйге еніп,
Қажысаң жаның иленіп.
Алдыңнан шығып ақ жарқын,
Алдайды екен сүйкеніп.
Әйтеуір тауып бір ебін,
Мойныңа орап білегін.
«Атадан тудым», – дейді екен,
Езілмей қайтер жүрегім.
Білмедім ойын өзгенің,
Көңілде, әлде көзде мін.
Өзімнен туған перзенттен,
Осыны неғып сезбедім?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Немерем өлеңінің авторы кім?

Ораз Жұмашев — осы өлеңнің авторы.

Немерем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Немерем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ораз Жұмашев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Немерем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері