Өлең, жыр, ақындар

Мұқан сазгер

Қайта түлеп қазақтың халқы тағы,
Мұхиттан да асырды даңқын әрі.
Тәуелсіздік аспанын күмбірлетіп,
Күйсандығың сазды әуен шалқытады.

Қайырмасы:
Қос жанарда нұр ойнап,
Оралғандай жаз керім.
Күйсандықта күй ойнап,
Отырғандай сазгерім.

Дарын туса, дарынның мақтан ісі,
Жақтасады әділ мен аққа кісі.
Бөрлітөбе жерінен қанат қақсаң,
Егемен ел өзіңсің мақтанышы.

Қайырмасы

Ұланы едің, қазақтай алғыр ұлттың,
Шырағы едің, табиғат мәңгіліктің.
«Біржан-Сара» даңқыңды биіктетіп,
Әнұран боп қайтадан жаңғырықтың.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кітап

  • 0
  • 1

Жақсы әңгіме, өлеңді,
Әр бетінен табамын.
Ертегіні көлемді,
Оқи алар баламын.

Толық

Шекарашы

  • 0
  • 0

Күзетіп байтақ тұр елін,
Асқардың дара шыңындай.
Қалқан қып ұстап жүрегін,
Қорғайды қарашығындай.

Толық

Қоңыраулы сағат

  • 0
  • 0

Әдет қалып бұрынғы,
Сапар ерте тұрады.
Оның осы қылығы,
Бәрімізге ұнады.

Толық