Тіл алғыш – Бүбішхан Тікебаева

Бұл бетте «Тіл алғыш» атты Бүбішхан Тікебаева жазған тіл туралы өлең берілген.

Мен – тіл алғыш баламын,
Шақырғанда барамын.
Киімді өзім киемін,
Түймені өзім тағамын.

Тазалаймын тісімді,
Жөнге салам ісімді.
Мысығыммен ойнаймын,
Білем қанша күшімді.

Мен тіл алғыш баламын,
Айтқан тілді аламын,
Жұмсаса егер бір жаққа,
Екі айтқызбай барамын.

Кітапты да оқимын,
Сурет ­те саламын.
Көмектесем үйіме,
Бақшаға өзім барамын.

Достарымнан ұят­ты,
Тазалаймын аяқты.
Тап-таза боп жүрмесем,
Күле-тұғын сияқты.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері