Болсам деймін өнерлі – Бүбішхан Тікебаева

Бұл бетте «Болсам деймін өнерлі» атты Бүбішхан Тікебаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ұшқыш болғым келеді,
Ғалым болғым келеді.
Әйтеуір бір сезерім,
Болсам деймін өнерлі.
Әкемнен мен үйренем,
Атқа мініп жүруді.
Шешемнен мен үйренем,
Өмір сүре білуді.
Қарындасым бар менің,
Қолға қалам ал дедім.
Ең бірінші қағазға,
Әке атын жаз дедім.
Содан кейін сырласың,
Анаң атын ұмытпа.
Мәпелесең өседі,
Туған жерге шыбық та.
Әкем жақсы көреді,
Шешем жақсы көреді.
Өйткені мен әкемнің,
Баласымын өнерлі.
Отан-ана туған жер,
Менің ыстық мекенім.
Оқи берсем әйтеуір,
Түбінде бір жетермін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері