Тілек – Жаскілен Қалиев

Бұл бетте «Тілек» атты Жаскілен Қалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ісің түскен адамнан ар таймасын деп тіле,
Адалынан, антынан жар таймасын деп тіле.
Үмітің мен арманың ортаймасын деп тіле,
Тірлігіңде көңілің қартаймасын деп тіле.
Балаларың өзіңнен оза жүргей деп тіле,
Дүниеде ғұмырың таза жүргей деп тіле.
Бас ауырып, балтырың сыздай қалар сәт туса
Туған жердің ауасы жаза жүргей деп тіле.
Жаны ұйқыда нәндердің тоңа жүргей деп тіле,
Бір ізгілік бойына қона жүргей деп тіле.
Жақ-жақ болмай қазағың, оңа жүргей деп тіле,
Түйсігінен рушылдық маңа жүргей деп тіле.
Мәртебесі Отанның өсе бергей деп тіле,
Берекелі ғұмырға көше бергей деп тіле.
Ел тағдырын даналар шеше бергей деп тіле,
Халқың қызық күндерді кеше бергей деп тіле.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілек өлеңінің авторы кім?

Жаскілен Қалиев — осы өлеңнің авторы.

Тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жаскілен Қалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері