Туған жер – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Туған жер» атты Сырбай Мәуленов жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 11960
Торғай бойы, Тосын жері
Бұйра құмның бөктері.
Жаз самалы жан тербетті
Қандай әсем көктемі.
Биік шыңның бауырында
Бұйра толқын бал бұлақ.
Бүгін мені қарсы алғандай
Ағып жатыр сылдырап.
Құрбылармен әзілдесіп,
Ойнап-күліп күн ұзын.
Көк шалғында көтеремін
Сырлы аяқтың қымызын.
О, достарым, туған жердің
Жүзі ыстық керемет.
Тұр ма әлде тас төбемнен
Ғажайып нұр себелеп.
1945


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жер өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Туған жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Туған жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері