Дос іздеймін – Құдайберген Қазыбеков

Бұл бетте «Дос іздеймін» атты Құдайберген Қазыбеков жазған достық туралы өлең берілген.

Дос іздеймін:
Жақсыны жасырмайтын,
Айласын асырмайтын.
Адалды азғырмайтын,
Бәлені қаздырмайтын,
Шындықты жазғырмайтын
Дос табам деп.
Дос іздеймін:
Күндестік қоздырмайтын,
Бірлікті тоздырмайтын.
Өсекті кездірмейтін,
Сырыңды сездірмейтін.
Жақыннан бездірмейтін,
Дос табам деп.
Дос іздеймін:
Серігі-сардары бар,
Шойындай салмағы бар.
Алтындай арманы бар,
Күтетін таңдары бар,
Адал жар-ардағы бар
Дос табам деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері