Өлең, жыр, ақындар

Тағдырыма ризамын

Аллаға шүкір деймін,
Өміріме еш өкінбеймін.
Тағдырыма ризамын,
Бұйыртқан несібені теріп жеймін.


Еңбекпен маңдай тер төгілмесе,
Тәтті болмас нанның дәмі де.
Адалдықты жаным сүйер,
Мақтанышпен айтамын әрбір жерде.

Әділдікті қолдаймын әр кезде де,
Тіршілік етемін қолымнан келгенше.
Біреу жетсе, біреулер жете алмаған,
Мен жүрген соқпақтарға ендеше.

Жырласам артық болмас деймін мен де,
Не көрдім ол бір дастан бұл өмірде.
Адамның аласы ішінде деген,
Білсемде жасағанын білмеген боп кете берем.
Кешіремін бәрін де көзді жұмып,
Сонда да көмектесем қолымнан келсе.

Абыройлы, ақ жүзді болып жүрмін,
Тіл –көзден аман болсам деймін.
Сәттілік мәңгілікке серік болып,
Құдайым мені қолда, қорға деймін.








Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз