Өлең, жыр, ақындар

Сен – күнсің

  • admin
  • 07.09.2024
  • 0
  • 0
  • 74
Мен – гүл бақша,
Сен – Күнсің көгімдегі,
Жарасады Сәулеңнің төгілгені!
Нұр сыйпатпен жанымда еркелесең,
Сайрап кетер құстарым көңілдегі.
Көріскенде қиуадан сағынысып,
Қалатындай Күн мен Ай шағылысып.
Қолың-қолға тигенде, ерінге-ерін
Мәңгіп қалдым жолымнан жаңылысып.
Тасалансаң көзімнен, сор маңдаймын,
Қараңғыда саңылаусыз қалғандаймын.
Бір көлеңке жапқандай көңілімді,
Қауышуды қайта бір армандаймын.
Сенсіз жаным шыдар ма алақызбай,
Жарқ етіп бір көрінші бала қыздай!
Құшағыңда деміңнен сенің ыстық
Балқып кетсем арман жоқ балауыздай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мектеп әні

  • 0
  • 0

Мектеп әні
Жүр мектепке баралық,
Бір, екі деп саналық!
Нұрсапа Аманжолов

Толық

Қарап көріңіз