Мектеп әні

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Жүр мектепке баралық,
Бір, екі деп саналық!
Үміт еткен ел-жұртты
Қуантуға жаралық!

Қайырмасы:
Беу, беу шіркін балалық,
Есте болсын даналық!
Шыр айналып би билеп,
Шырқап әнге салайық!

Мектеп алтын ұямыз,
Құшағына сыямыз.
Гүл бағынан білімнің
Алуан жеміс жиямыз!

Қайырмасы

Біз бақытты ел баласы,
Өскен ақыл, санасы
Биік шыңнан көрінсек,
Оған кімнің таласы?

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мектеп әні өлеңінің авторы кім?

Нұрсапа Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Мектеп әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мектеп әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрсапа Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мектеп әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері