Сен – күнсің

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Мен – гүл бақша,
Сен – Күнсің көгімдегі,
Жарасады Сәулеңнің төгілгені!
Нұр сыйпатпен жанымда еркелесең,
Сайрап кетер құстарым көңілдегі.
Көріскенде қиуадан сағынысып,
Қалатындай Күн мен Ай шағылысып.
Қолың-қолға тигенде, ерінге-ерін
Мәңгіп қалдым жолымнан жаңылысып.
Тасалансаң көзімнен, сор маңдаймын,
Қараңғыда саңылаусыз қалғандаймын.
Бір көлеңке жапқандай көңілімді,
Қауышуды қайта бір армандаймын.
Сенсіз жаным шыдар ма алақызбай,
Жарқ етіп бір көрінші бала қыздай!
Құшағыңда деміңнен сенің ыстық
Балқып кетсем арман жоқ балауыздай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен – күнсің өлеңінің авторы кім?

Нұрсапа Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Сен – күнсің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сен – күнсің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрсапа Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен – күнсің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар