Студент қыз

Бұл бетте «Студент қыз» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1779
(аударма)

Жүрегімді әлі тербеткен
алыста қалған кез мүлдем
Махаббат еді ол ержеткен,
сәбилік сәттен бездірген,
ең алғаш маған, саған да
жігіттігімді сездірген.
Аттатқан сәби пәктіктен
ұяттан безген сол түнде.
Құлпырып тұрды бақ біткеп,
құлпырып кетті көркің де.
Төсекке келіп құладым,
не болды - жаным сезбеді.
Есімде жалғыз - жыладың,
сүйіп те жаттың сен мені.
Тәтті нәр алып түнектен,
қанымда бір от лаулады.
Дүрсілдеп соққан жүректер
естіртпеді үнді баудағы.
Махаббат тұрды қалықтап,
қол жеткен талай күрсініп.
Әлемді кезді ол шарықтап,
біткендей өзге тіршілік.
Сезімге батып бал-шырын,
есімнен танып жаттым мен.
Рақат деген (бар сырым)
басталды сол бір ақ түннен.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Студент қыз өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Студент қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Студент қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Студент қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері