Жалпақтал

Бұл бетте «Жалпақтал» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 935
Жүзіңді жылдар аңсаған,
Жаңа көрдім, Жалпақтал,
Жұртыңды жылы қарсы алам,
Жырымды да байқап қал.
Толықсып шықты алдымнан
Толқынды Қара өзенің,
Көгінен нұрын ай құйған
Құшағын жайды өз елім!
Осы бір өзен есімде
Дауылды сонау жылдардан
Ақ арғымақ үстінде
Жорықта Чапай жүлде алған.
О, Қара өзен, алыстан
Көпірің жатыр шалқайып,
Төсіңде тұңғыш танысқан
Фурманов пен Чапаев.
Сол елдердің жорықтан
Тұлпарының ізіне
Егін дәнін толқытқан
Ел көрінді көзіме.
Қырына көзім қадалса
Қойлар жатыр қаптаған,
Жұлдызды шопан тұр
Айша Еңбегін ел мақтаған.
Көшімнен су ішіп шұбырған
Үйірлі қызыл киіктей,
Еділбай қойы мыңғырған,
Еңбегі шопан биіктей.
Егінің бай, суың бал,
Еркін өскен ел озық,
Сәлем берем, қабыл ал,
Амандасам қол созып.

1958


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалпақтал өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Жалпақтал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалпақтал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалпақтал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері