Миллиардтың қоймасы

Бұл бетте «Миллиардтың қоймасы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 821
Жаз — егін, самиян дала, саладағы
Телегей теңселген тың даладағы
Масағы ақ бидайдың көкке мезгеп,
Секілді шаншылған сан садақ оғы.
Астығын Қазақстан аймағының
Көрді көз, тұрды тербеп самал оны.
Орманнан бидай бойын асырғандай,
Жер бейне дәннен қару асынғандай,
Жайқала бойшаң біткен тың егіні
Аттылы кісіні де жасырғандай.
Ақмола, Көкшетаудың қырманына
Құйылды бүгін маржан шашылғандай.
Жайқалған жазық дала жасағындай
Жүздеген комбайншы баса адымдай
Қозғалған, ішінде оның Микола жүр
Мұрты да бидайдың жез масағындай.
Түсті егін бөлек орған дестеленіп,
Қыздардың шарқатының шашағындай.
Көрмеген құдіретті қалпын бұзып
Егінін орған тыңнан халқым үздік.
Вьетнам, Украина, Москвалық
Жастардың еңбекте дос салты қызық.
Дән толы машиналар жүйткігенде —
Даламда бара жатқандай алтын жүзіп.
Күшіндей таудан аққан өр бұлақтың
Күшейіп елмен мен де өрге тарттым.
Достасқан миллион қолдар пәрменімен
Жемісін жеңісті еңбек жерде орнаттым.
Тартады ұлы Отанға дәннен сыйлық
Қоймасы Қазақстан миллиардтың.

1958


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Миллиардтың қоймасы өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Миллиардтың қоймасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Миллиардтың қоймасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Миллиардтың қоймасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері