Жастық қайталанбайды – Сағымболат Тінтаев

Бұл бетте «Жастық қайталанбайды» атты Сағымболат Тінтаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тай көңіл қандай тықыршып әсте тұрмайтын,
Асқар боп маңғаз, орманың болып шулайтын.
Мазасыз жастық Ұлы ғой қайта тумайтын,
Аяулың тек сол асылын мәңгі сыйлайтын,
Реніш туса ашулы бейне арыстан,
Ашулы теңіз аспанға шапшып тулайтын.
Кетеміз жүріп, биікке беріп маңдайды,
Биіктен отың жанады, кейде жанбайды.
Сүйіктім жайлы өтіп те жатыр сан қайғы,
Махаббат өзі өзгеше жанды таңдайды.
Құрбылар егер түсіне білсең айтарым,
Адуын жастық ешқашан қайталанбайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар