Бопай батырдың Кенесары жасағына қосылардағы сөзі – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Бопай батырдың Кенесары жасағына қосылардағы сөзі» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қайран да қайран, қайран жұрт,
Адуынды жауға айлаң жоқ,
Қапыда кеттің қосақта.
Қайғырғаннан қайран жоқ,
Белімді будым, мұрсат па?
Бұрымды түйдім,
дулыға кидім бұл шақта,
Қопарылып қол бастауға бекіндім,
Ошарылып отыратұғын кез бе бұл
От орнындай ошақта.

Қозы жауырын жебесі
Қойнында қалған қарт далам,
Шиыршық атып шебіңде
Шіреп бір тұрып тартпаған
ұлың бар ма еді,
мойнына атанның жүгін артпаған.
Қомсынар болсаң қатын деп,
Қамшыңды сілтеп, тарт маған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бопай батырдың Кенесары жасағына қосылардағы сөзі өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Бопай батырдың Кенесары жасағына қосылардағы сөзі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бопай батырдың Кенесары жасағына қосылардағы сөзі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бопай батырдың Кенесары жасағына қосылардағы сөзі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері