Тым ерекше қажет етер күтімті – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Тым ерекше қажет етер күтімті» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тым ерекше қажет етер күтімті,
Ғұмыр деген ол о баста бүтін-ді.
Қылпып тұрған кездігімен уақыт
Оны да енді жонып-жонып бітірді.

Кемшін түсіп жатпаса да жырлауы,
Тіршіліктің қайдан болсын тұрлауы.
Аяғынан шалып жүрген өмірді
Өз етігі байланбаған бір бауы.

Оған, сірә, жүрмейді екен өкпең де,
Өкпелейтін өзімшіл сөз жоқ менде.
Дүниені дүр сілкінтем алайда,
Жүйкем менің жетер жерге жеткенде.

Тек әзірге легіменен дүрмектің
Еріп келем, қашанғы өстіп жүрмекпін?
Жетегінен босап шығам жүгеннің,
Қалауымша сосын өмір сүрмекпін.

Сонда менің қалауым не? Қалауым...
Тоғышардың бұзсам, шіркін, танауын.
Толағайдай талмай жетсем мәреге
Еңкейтпестен адамдықтың жалауын.

Ырық бермей сан айлалы күштерге,
Өткір ойым, өзекті жар, іште өлме.
Төреші боп тағдыр тұрар ортада
Ақ пен қара итжығысқа түскенде.

Өгейсініп тебе көрмей өзекке,
Әнтек қана сүйеп жібер мезетте.
Сонда бетпақ тіршілікке өліспей
Беріспейді мен секілді бозөкпе.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тым ерекше қажет етер күтімті өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Тым ерекше қажет етер күтімті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тым ерекше қажет етер күтімті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тым ерекше қажет етер күтімті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері