Ержан ағама – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Ержан ағама» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

«Қайрат етем тас қабағын осы ұлдың», -
Деуші едім ғой,
тұлдыр күннен тосылдым.
Қара керге ер-тұрманын қалдырып,
Қара жерге қара жер боп қосылдың.
Ашық күнде су мүжіген асқарым,
Жанарыңды жұтып қойды қас-қағым.
Сен бардағым –
кеңге салу арқаны,
Сенсіз қайсар, қатал бола бастадым.
Қанат қатты, інілерге аға боп,
Ағалықтан алқымымда жанады от.
Уақыт қана қайтарады уытын,
Айлалы ажал ащы уына дауа жоқ.
Тас тағдырдың талайына бағынып,
Сағым көшіп бара жатыр ағылып.
Тоңып қалған жоқ шығарсың, ағатай,
Топырақты жатырсың ғой жамылып?!
«Қайрат етем тас қабағын осы ұлдың», -
Деуші едім ғой,
тұлдыр күннен тосылдым.
Қара керге ер-тұрманын қалдырып,
Қара жерге қара жер боп қосылдың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ержан ағама өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Ержан ағама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ержан ағама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ержан ағама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері