Қостанай

Бұл бетте «Қостанай» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 7705
Көшелері көп емес,
Көлемі онша кең емес.
Бірақ та сол Қостанай
Еш қалаңнан кем емес.
Көк ну орап көлемін,
Болмаса да безенген.
Үлкен өмір бөлегін,
Бұл қаладан сезем мен.
Жеті орасаң жершарын,
Жете тұғын жібегі;
Завод жатыр қаланың
Секілді от жүрегі.
Жерінің кен қатпары —
Қөмір, темір, тас түбі.
Республика мақтаны —
Қостанайдың астығы.
Жаны жайсаң досқа бай
Жібек желі тұр есіп;
Өзімізбен Қостанай
Келе жатыр бір өсіп.
1946


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қостанай өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қостанай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қостанай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қостанай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар