Жол үстінде жолығып – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Жол үстінде жолығып» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жол үстінде жолығып,
Жол үстінде қоштасып,
Үлгердік пе, білмеймін
Қимас жандай достасып?
Түйістіріп көзге көз
Қарадық па дұрыстап,
Екеумізді күтті ме?
Ақ қар басқан күміс бақ.
Ести алмай кеттік пе
Жүректердің қағысын,
іңкәрліктің тынысын,
сезімдердің дауысын?!
Сүйікті де демедік,
Сүйе де алмай қанып бір,
Сіздің жұлдыз әнекей
Жоғарыда жанып тұр.
Түсіме ене береді
Сұлу, суық түсі ақ қар…
Қыспай қалған құшақтар…
Ұшпай қалған ұшақтар…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жол үстінде жолығып өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Жол үстінде жолығып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жол үстінде жолығып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жол үстінде жолығып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері