Солдат – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Солдат» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4296
I
Майданда сонау жыл
Бізбенен бір жүрді.
Ер жүрек солдат бір
Мінезі күлдіргі.
Сөйлеп шын қызғанда
Сөзді тым тапқыш-ақ,
Қол боста қыздарға
Жазатын хат құшақ.
Ойнайтын еркіндеп,
Гармоньға қолы епті.
Полктың көркі боп,
Ол талай жол өтті.
...От орап даланы
Басталды қатты ұрыс.
Жауынгер жаралы
Болыпты қапылыс...
Қазір ол қай маңда
Білмейміз, хат үздік.
Болады майданда
Кейде ондай сәтсіздік.
II
Аспан жер қабысып,
Шарлады көк түтін.
Оқпенен жарысып,
Зымырап өтті күн.
Елімнің көрінді
Биіктеп иығы.
Зулады Берлинге
Соғыстың. құйыны.
Хат алдық бір күні
Дәл оның өзінен.
Жазыпты күлкілі
Қуақы сөзімен:
«Болса кім шын солдат
Соғыста өлер ме?!
Барамын сым жалғап
Волгадан Одерге».
Жолдастар жабылып,
Оқыдық сол хатты.
Қалыппыз сағынып
Әзілкеш солдатты.
1946
* * *
Иінағашы иығында
Зеравшаннан су алып.
Кетіп барад Гүлханым
Алма ағаштай бұралып.
Кетіп барад Гүлханым
Бойлап өзен кемерін.
Тотықұстай толқыта
Шырқап өзбек өлеңін.
— Мархабаты көсемнің
Жасыл кілем жер беті.
Шарапаты көсемнің
Зеравшанның шербеті.
Кетіп барад Гүлханым
Осылайша жыр шырқап.
Зеравшаннан су ішіп,
Кеттім мен де бір шырқап.
1946


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Солдат өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Солдат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Солдат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Солдат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері