Бидай туралы баллада

Бұл бетте «Бидай туралы баллада» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 8097
Күн күледі,
Гүл күледі қырларда.
Әрі күн боп,
Әрі гүл боп
Жатады дән қырманда.
Айтады күн:
— Нұр алдың деп сен менен.
Айтады гүл:
— Түр алдың деп сен менен.
Күн сөзіне
Күліп бидай қарайды.
Гүл сөзіне
Күліп бидай қарайды.
Өз жүзінде
Күн нұры бар,
Гүл түрі бар арайлы.
Сенен нұр ап,
Сенен түр ап,
Өстім туған даламда.
Дейді ол бірақ,
Маңдай терін төккен маған
Борыштымын адамға.
Күн күледі,
Гүл күледі,
Қырларда.
Қызыл жұлдыз — қызыл бидай
Жанады от боп қырманда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бидай туралы баллада өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бидай туралы баллада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бидай туралы баллада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бидай туралы баллада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері