Бір жұтым су – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бір жұтым су» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5623
(Еске алу)
Жарақат ауыр, жан тәтті,
«Жалтарам,— деді,— жастық шақ».
Айнала орап жан-жақты,
Айқара ашты от құшақ.
Қарайлап едім қасыма,
Қан жауыпты қар үстін.
Қауіп бір төнді басыма,
Қайтадан жерге жабыстым.
Жолдасым келді қайрылып,
Бір жұтым су тамызды.
Көңілді сол су жай қылып,
Көз шырымын алғызды.
Қайта тұрдым әлденіп,
Қасқая кірдім қамалға.
Тамшы судан нәрленіп,
Тайынбай тарттым тағы алға.
Жалауым қолдан түскен жоқ,
Жанымды жүрдім сынға сап.
Сол судай тәтті ішкем жоқ,
Келсем де талай жыл жасап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір жұтым су өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бір жұтым су өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір жұтым су өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір жұтым су өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері