Сөз бастасам, өтіне – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Сөз бастасам, өтіне» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1757
Сөз бастасам, өтіне
Қапасты ойдан құтылардай көңіл де.
Қара сағат, қабырғаға қадалған
Куәсің сен тағдырдың мың сәтіне
Талайды әкеп өмірге,
Талайлардан жан алған.
Болар ма екен достасуға Сізбенен?
Қара сағат қабырғаға қадалған,
Куәсің сен қоштасуға
Жүздеген
Адамдарды алыстатқан адамнан.
Сынаптай сәт тіршілікте жоқ ісің,
Сырт-сырт тағдыр сенің үлкен үлесің.
Жүректердің қосқан бірге соғысын
Кездесуді тағы сен тек білесің.
Қара сағат, не өтпеді басыңнан?
Ырғағың сол бірақ шерлі кейде өнің.
Мен де жалғыз өстім сендей жасымнан
Өткен ұмыт, ал болашақ беймәлім.
Сен жеткіздің әуеніңмен тұрақты
Махаббаттың келіп, жылдам кетерін.
Қара сағат, қуанттың да жылаттың,
Не етемін?!
Нұрлы шақтар өтті-кетті, күрсінбен,
Шын бақыттың шымылдығын енді ашам.
Жүрегімнің дүрсіліндей сыртылмен
Өлерімді естіртесің сен қашан?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөз бастасам, өтіне өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Сөз бастасам, өтіне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөз бастасам, өтіне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөз бастасам, өтіне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері