Сағынышты уақытпен жуа алмадым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3010
Сағынышты уақытпен жуа алмадым,
Шырынына шабыттың жұбанғаным.
Бәрі сенің қолыңда білесің бе?
Өлеңім де, күлгенім, қуанғаным.
Азық етіп әлі де ақ таң барын,
Ұшты-күйлі бақыт іздеп аттанғаным.
Бәрі сенің қолыңда неге екені?!
Сәттілік те, сәтсіздік, шаттанғаным.
Сөзін алмай алдымда ұлы ағаның,
Күлкілерді тәрк етіп жылағаным.
Бәрі сенің қолыңда, сенің ғана,
Сүрінгенім, сынғаным, құлағаным.
Сен жүргенде қиялдың түстілігі,
Сенсіз іңкәр көңілдің ұшты гүлі.
Мен күңіңе айналсам, қайран қалма,
Ол – сүйікті Алланың күштілігі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағынышты уақытпен жуа алмадым өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Сағынышты уақытпен жуа алмадым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сағынышты уақытпен жуа алмадым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағынышты уақытпен жуа алмадым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері