Түс пен өңнің арасы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 01.08.2020
  • 0
  • 0
  • 896
Ақ жауынды төгiлген сый десек те,
Бұлтты күнмен көңiлдi үйлес етпе.
Тәнiм мызғып, дел-сал боп кеткен шақта
Қашып шығып келiп ем шилi өзекке.
«Уiлiңнен, үлпек жел, байып кеттiм,
Уызыңмен кеудемдi шайып кет, күн!»
Қос құлақты тарс бiтеп,
Диуанадай
Өзiмдi iздеп қыр жаққа тайып кеттiм.
Уiлiн-ай даланың, уiлiн-ай,
Ән үйретiп кеттiң бе бұл ұлыңа-ай.
Тас-талқан боп төгiлген бояу құсап
Таза судың қашырған сұрын лай.
Жарау бұлтты боз таудың енесiн деу
Жарасады,
Қарасаң, сенесiң, беу.
Дөңбекшидi табақ күн көкке сыймай,
Дөңге өрмелеп шыға алмай көне сүрлеу.
Қырым кеттi бiр-бiрiн қуаласқан,
Ойым қалды созылып сығаласқан.
Шеңгел түбiн шегелеп мен отырмын
Шемен ойы iлдiрмей бұра қашқан.
Саяқ шымшық мен болсам,
Сахарам – бақ.
Шаһар көрсем шат күйiм тағаланбақ.
Жайып қойған өреге ақ малтадай
Ауыл үйi көрiнер ағараңдап.
Есiрiк жел жасап бiр ерен сүргiн,
Таз тоғайлар көрсетпес желең сұрқын.
...Ыстық судан қарайған мыс қасықтай
Өңiн берiп қойған ба өлең-шiркiн?!
Қайтем терiп құралмас сынықтарды,
Кiсiнеген қу көңiл шырықты алды.
...Көк төрiне лақтырған көз моншағым
Бөктерiнде Қалбаның тұрып қалды.
Қой...
Қайтайын тәнiме, өз қанатым,
Безгек қиял кеткен ғой – безген атым.
Мен немене?
Әлдекiм ери салып
Ақ серкенiң майындай тез қататын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түс пен өңнің арасы өлеңінің авторы кім?

Нұржан Қуантайұлы — осы өлеңнің авторы.

Түс пен өңнің арасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Түс пен өңнің арасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұржан Қуантайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түс пен өңнің арасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері