Қорқақ

Бұл бетте «Қорқақ» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4064
Егін жайда еңбек етпей жанжал сап,
Ақыл айтқан өз досына қанжар сап,
Су жүректей қашқан майдан шебінен
Зытты қорқақ түн ортасы ауған шақ.
Үрейленіп қашты ол қалың нулардан,
Үрейленіп қашты ол ағын сулардан,
Қуды оны көлеңкесі өзінің,
Қалтырады көрсе жалын қырлардан.
Жүрді алақтап жамылып түн түнегін,
Тосты оны аяқ басса мың өлім.
Шіркін оған бұйырмады жалғанда
Адалдықпен өлетұғын бір өлім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қорқақ өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қорқақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қорқақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қорқақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері