Үкілі

Бұл бетте «Үкілі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2432
Үкілі, тау біткейнен аласасың,
Үйілген алаңқайра ала тасың.
Үкілі, қыз секілді ертедегі,
Үйіріп жолаушыны қаратасың.
Тұрасың сұлулықтың әлеміндей,
Тұрасыц жас өмірдей, кәрі өмірдей.
Құдайға шүкіршілік, жеттің бізге,
Жолдаған ғасырлардың сәлеміндей.
Кейбіреу Үкіліні дөңес десін,
Көзіне басқа таулар елестесін.
Үкілі, Үкілім-ай аты болса,
Білемін басқалардың теңеспесін.
* * *
Рақмет, досым, ескеріпсің,
Ескерусіз жатқан жанды.
Өмір гүлін кеш теріпсік,
Кешіп жүріп шатқалдарды.
Көнерген бір суреттей
Келді алдыма көмескі күн.
Қалған жалғыз сыры кетпей,
Көзі болдың сен ескінің.
Көне күннің сен жарқылы,
Жалт етер бір қия кезең.
Көкіругіме сая арқылы
Құйылады қиял - өзен.
* * *
Болдың бірге ыстықтар да,
Болдың бірге суықтарда.
Сенімен бір шықтық тауға,
Жүздік бірге бұлттарға.
Шерленсе де көңіл бір сәт,
Жастық шақтай көнермес күн.
Өзің егер берсең мұрсат,
Сен тұрғанда мен өлмеспін.
* * *
Кәрі секілдімін аспандай,
Кәрі секілдімін жұлдыздай.
Иығымнан бір зіл басқандай.
Төсектен мені тұрғызбай
Тас ғасырдың шағында
Аяқты алғаш бастым ба?
Өртендім бе жалынға,
Көмілдім бе тасқынға?
Теңізге әлде тұншығып,
Жанымның отын бердім бе?
Ақиқат үшін құлшынып,
Аспанда жанып өлдім бе?
Көз салам зарлы жылдарға,
Қараймын кәрі шыңдарға.
Солардың бәрі тұрғандай
Тұтасып менің тұлғамда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үкілі өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Үкілі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үкілі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үкілі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері