Апаның тілін алса егер…

Бұл бетте «Апаның тілін алса егер…» атты Жақан Смақов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мезгілсіз жүріп күн бойы,
Мерзіммен тамақ ішпесе,
Демалыс жоқ, күнде ойын,
Мерзіммен суға түспесе,
Қолында мұндай баланың
Күш болмайды, күш десе.
Қолынан мұндай баланың
Іс келмейді, іс десе.
Күн-күн сайын солады,
Шынашақтай болады.


Апаның тілін алса егер,
Тамақ ішсе – іш десе,
Демал десе – демалса,
Суға түссе – түс десе,
Қолында мұндай баланың
Күш болады, күш десе.
Қолынан мұндай баланың
Іс келеді, іс десе!
Шынығып өсіп, толады,
Үлкен жігіт болады!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апаның тілін алса егер… өлеңінің авторы кім?

Жақан Смақов — осы өлеңнің авторы.

Апаның тілін алса егер… өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Апаның тілін алса егер… өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жақан Смақов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Апаның тілін алса егер… өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері