Теңіз ұлы

Бұл бетте «Теңіз ұлы» атты Қорғанбек Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Алтын жүрек ағатайым баспагер,
Алты қырдан әлдеқашан асқан ер.
Жаздай жарқын өмірінің өрімін
Наздай әсем ызылдырған таспагер.

Нұрпейісов туған болса Үшкөңде,
Дүниеге келдің өзің Үшкөлде.
Ол кездерде тасып жатқан Аралдың
Толқындарын тоқтата алмас еш пенде.

Шапағаты көптен-көпті сол күннің,
Шалқыған шақ шоқтығында толқынның.
Теңізбенен тербетілген жаныңды
Шағаланың шаттығына толтырдың.

Арал сені аялады, өсірді,
Теңіз тұзы шынықтырып пісірді.
Айдынында қанатыңды қомдатып,
Арманыңа қалықтатып ұшырды.

Теңіз сені қазанында қайнатты,
Ғажабында жарылқатып жайлатты.
Арал сені толқынында тулатып,
Бөгенауыл балаларын ойнатты.

Көкше теңіз көкжиекке жалғасып,
Арман қуып Алматыда алға асып.
Көкшетаудың сұлуына жолыққан,
Теңіз ұлы, тебіренген сен ғашық.

Шұға десе Шұға екен-ау сол ару,
Қандай ғажап ғашық жар боп жаралу.
Жойқын шабыт кернегені соншалық,
Жан-жүректе жалын атты жаңару.

Алтын бесік ауылыңды жырладың,
Мінез сырын, сөз киесін жырғадың.
Тұңғыштар мен тұлғаларды таныттың,
Ағалар мен інілерді тыңдадың.

Ойһой дәурен... жағалауың алыстап,
Ой дауасы жаныңды жеп, жаныштап.
Білмегенсің бітуана бұқпаны,
Көрмегенсің заманадан қалыс қап.

Теңіз ұлы, жаның жайсаң телегей,
Жақсылыққа жайып салған өредей.
Іздей берші шағаладай шарқ ұрып,
Жүзе берші айдындағы кемедей...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Теңіз ұлы өлеңінің авторы кім?

Қорғанбек Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Теңіз ұлы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Теңіз ұлы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қорғанбек Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Теңіз ұлы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері