Ардақты ана

Бұл бетте «Ардақты ана» атты Әнуарбек Дүйсенбиев жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің.
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Ержеткізіп, елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым.


Пікірлер (1)

Мұрат

«Ардақты ана» атты өлең — адам жүрегінен шыққан шынайы алғыс пен махаббаттың поэтикалық көрінісі. Ақын анасының мәңгілік мейірімі мен қамқорлығын, түнде талай ұйқысын бөліп, баласына берген күш-қуатын өте нәзік әрі әсерлі тілмен жеткізеді. Өлеңде ана — күн нұрындай қуаныш пен өмірдің мәні ретінде бейнеленеді, ал оның күлкісі мен құшағы — баланың жүрегіндегі ең қымбат жарқын естелік. Осындай шығармалар оқырманға анаға деген құрмет пен алғыс сезімін терең түсінуге, туған адамның мәні мен орны туралы қайта ойлануға мүмкіндік береді."

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ардақты ана өлеңінің авторы кім?

Әнуарбек Дүйсенбиев — осы өлеңнің авторы.

Ардақты ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ардақты ана өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ардақты ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері