Солдат боламын

Бұл бетте «Солдат боламын» атты Әнуарбек Дүйсенбиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 7074
Қаймықпаймын суықтан,
Ыстыққа мен төзімді.
Бәріне де шыныққан
Солдат болам кезінде.

Жүрсем дағы мен қайда
Көтеремін ауырды.
Солдат болам шалғайда
Сағындырған ауылды.

Сағынатын достар көп,
Қилы қызық хат алам.
«Біздің бала – әскер!» – деп,
Мақтанады ата-анам.

Мұғалімнің үйінде
Бір суретім тұрады.
Ерлігіне ел сүйінген
Солдат болам қырағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Солдат боламын өлеңінің авторы кім?

Әнуарбек Дүйсенбиев — осы өлеңнің авторы.

Солдат боламын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Солдат боламын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әнуарбек Дүйсенбиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Солдат боламын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері