Әбіқай – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Әбіқай» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2338
Сөз келсе сыпайы боп сызылмаған,
Әбіқай от жалынды қызулы адам.
Отырған көбінесе өлең жасап,
Ұйқасы балталаса бұзылмаған.
Денесін құрастырып өлең деген,
Үн, тілсіз әр дыбысқа елеңдеген
Үйінде құр сүлдесі, жаны аспанда
Жоғары шырқап бірде төмендеген.
Әбіқай сыншыл адам, сыршыл адам,
Қөз жасын құйып, төгіп жыр шығарған.
Өзінің заманында бәйге бермей,
Бір емес, шаршы топта мың сыналған.
Әбіқай ешбір жырды ұнатпаған,
Ақында тек Абайға тұрақтаған.
Қаламын лақтырғанда кәрі тарлан
Абайға басын иіп құлап қалған.
— Не керек босқа шауып көппен бірге,
Дегенде қарт Әбіқай шөккен мүлде.
Жанында жатыпты өлең жасырынып,
Көгеріп көңілінің көктемінде.
Болса да біраз жылдар өзі өлгелі,
Артында Әбіқайдың сөзі өлмеді.
Айтады ақсақалдар сейлейді деп,
Торғайдың Әбіқайша өзендері.
1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әбіқай өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Әбіқай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әбіқай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әбіқай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері