Жақсылық керек – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Жақсылық керек» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жақсылық керек саған да,
Жақсылық керек маған да.
Жасаймын десең жамандық,
Табыла қалар табанда.
Сен маған кесір еткенде,
Мен кеміп кері кеткенде.
Осы ісің дұрыс болды деп,
Арқаңнан қақпас еш пенде.
Емеспіз біздер бақталас,
Емеспіз біздер тақ талас.
Менен сен жапа шеккенде,
Мені де ешкім мақтамас.
Жамандық аты жойылсын,
Бақастық деген қойылсын.
Мен жүрсем сені көре алмай,
Көр болып көзім ойылсын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсылық керек өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Жақсылық керек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсылық керек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсылық керек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері