Алпыс желкен

Бұл бетте «Алпыс желкен» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 811
Оқушы дос!
Сүйдің ғой теңіз жырын?.,
Жаққан шығар жанына әзip бip үн?.
Атыраудың балықшы баласы деп
Сен танып ен Әбуді менен бұрын.
Сен оқыттың жырын да маған оның,
Tepeңi сол теңіздей мағынаның!..
Кейінірек келдім де, тұзын таттым,
Yзiп жедім үйінде аға нанын...
Құрманғазы, Абаймен аралықта —
Алматыда үйі кең... Баралық та...
Сен сүйгенді сүйесің... Бет-албатты
Жалбаң қатып, жатпайсың әр «алыпқа».
Бұлбұлға да бұл күнде саяң дайын,
Сол үшін-ақ жанымды аянбайын.
Сен танытқан әлгі бip Әбекеңдей
Енді саған өзім-ақ баяндайын.
Әбу-Эль-Атрауи столында
Толып жатыр толқын да, шторм да.
Оның заңы: «Осынау ұлы күнде
Адал жүрек атқарар icтi орында!..»
Ел құптарлық еңбегің, бағаң болды-ақ
Ең алдымен шығады ағаң қолдап.
Ақын Әбу оңаша, ұзақ таңға
Отырады сан жырды саған жолдап.
Keшip, достым, «осыны түсін» десем:
Сол жырлардың жүресің ішіде сен.
Әр уақытта Әбудің қанатысың
Болдым-толдым демесең, ісінбесең...
Ақын сонда сүйеді желкеңнен де...
Әбу ақ қой шағала, желкеннен де.
Ақша бұлтқа қарайды ол аспандағы,
Жердегі бip пасықтан жеркенгенде.
Eбiн таппақ еңбекпен егіз деме!
Тереңге бар, батпақтан жем іздеме!
Әбу сонда балаңды әлдилетіп,
Tepбeтipiп қояды теңізге де.
Әбу сонда парызын адақтайды, —
Сен жүктеген сенімді о да ақтайды,
Ceнің сүйген жарыңды періштеден
Жүз артық деп жүрегі мадақтайды.
Құрметтегіш ол сендік құл ғой әлі,
Сен мұңайсаң, мұңы да ұлғаяды.
Мүгедекті мүсіркеп, өлгеніңе
Қайран ақын қанша рет гүл қояды...
Сен шалқысаң, күлліге жар салады,
Қуанғаннан көзіне жас алады.
Арамзадан бip бөлек табиғатта
Ақын деген осылай жасалады.
...Әбу-Эль-Атрауи столында
Толып жатыр толқын да, шторм да.
Енді мінe, сағаты салтанаттың...
Адал жүрек! Атқарар icтi орында!..
Шығармайды бұл тойды ел есінен,
Жалғастыра береді келесімен.
Ақын шалқып барады палубада
Алпыс желкен көтеріп кемесінен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алпыс желкен өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Алпыс желкен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алпыс желкен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алпыс желкен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері