Әкелер-ай болашақты аңсаған

Бұл бетте «Әкелер-ай болашақты аңсаған» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 1
  • 0
  • 802
Әкелер-ай болашақты аңсаған,
Перзент үшін тіршілікте шаршаған.
Есейгенде кештеу біліп қадірін,
Әкесіне жете алмай жүр қанша адам?!
Әкең барда еріктісің, еркесің,
Бақыт күйін балбыратып шертесің.
Әкең жоқта жылытар деп жанымды
Жамыларсың исі сіңген көрпесін.
Өмір осы, өзің де әке боларсың,
Оңалам деп оңаша оқ жонарсың.
Әкелердің жолын жалғап жүрсең сен
Ел-жұртыңа бақ құсы боп қонарсың.
Сал-сағыныш жүрегіңде ер жетіп,
Ақ жаңбырың дауылдатып, селдетіп,
Әкеңді ойлап отырарсың кей кезде
Бесіктегі перзентіңді тербетіп.
Қанға тартар небір жайсаң, қасқалар,
Ай астында су ағар да, тас қалар.
Әке-бала - адамзаттың өзегі,
Барлық өмір тал бесіктен басталар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкелер-ай болашақты аңсаған өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Әкелер-ай болашақты аңсаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкелер-ай болашақты аңсаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әкелер-ай болашақты аңсаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері