Салтанат – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Салтанат» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ел үшін ер-азамат еңбегі де,
Өзіңмен бірге бүгін ел де, міне.
Әрқашан айнымауға ант етеміз,
Ризамыз, Ұлы дана, сенгеніңе.

Жаңғыртып сәулесімен күміс таңның,
Жасадың өз қолыңмен ырыс бағын.
Әрқашан еске алады бір өзіңді,
Кең байтақ Қазақстан – гүлстаның!

Өзіңнен көргендейміз нұр-шуақты,
Гүлдері кеудеміздің бүршік атты.
Жан-көсем, кездесуге асығамыз,
Көрінген көгімізден күн сияқты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Салтанат өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Салтанат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Салтанат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Салтанат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері