Жазда
Бұл бетте «Жазда» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көлім, көлім, көлім деп,
Қаз да келді маймаңдап.
«Шомыл, шомыл, шомыл» деп,
Жаз да келді жайраңдап.
«Тыру, тыру, тыру» деп,
Келді ұшып тырналар.
«Құру, құру, құру» деп,
Жүр жылқышы ағалар.
Өзен-көлдің жағасы
Гүлмен ою ойғандай.
Тырналарға қарашы
Жіпке тізіп қойғандай.
Ал, жүріңдер, балалар,
Қырға шығып көрейік.
Қызғалдақты терейік,
Құшактап ап келейік.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі