Ана әлдиі

Бұл бетте «Ана әлдиі» атты Сағи Жиенбаев жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Менің құйттай құлыным,
Кімге ғана тартты екен?!

Әлди-әлди, ақ көкем,
Ақ төсекке жат, көкем.
Менің құйттай бөпешім,
Неге ғана тәтті екен?!

Жая ма екен, жал ма екен,
Жұпар ма екен, бал ма екен.
Ақылы көп, осындай,
Аппақ бала бар ма екен.

Құлыншағым қайда екен,
Ұрыншағым қайда екен.
Қасына әкеп қояйын,
Қуыршағы қайда екен?

Әй-әй, бөпем, әй, бөпем,
Жұлдыз ба екен, ай ма екен,
Менің әппақ көкемдей
Әй-әй, бөпе қайда екен?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана әлдиі өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Ана әлдиі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана әлдиі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ана әлдиі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері