Апатайым – алтын айым – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Апатайым – алтын айым» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қарғашымды тербетсін деп,
Сен айтпаған ән бар ма?
Қабақ шытпай ержетсін деп,
Сен аспаған тау бар ма?

Қайырмасы:
Жанарыңа нұр ойнасын,
Көк жүзінен тараған,
Көп ойланып, мұнаймашы,
Мұнаймашы, жан анам!

Шарладың ғой құстай ұшып,
Аспан – жердің арасын.
Қиналдың ғой бір мен үшін,
Бір мен үшін, анашым.

Қайырмасы:

Апатайым – алтын айым,
Тұршы жайнап көгімде.
Бір сен үшін талпынайын,
Шарқ ұрайын өмірде.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апатайым – алтын айым өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Апатайым – алтын айым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Апатайым – алтын айым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Апатайым – алтын айым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері