Ақ толқын – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Ақ толқын» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сен менің толқыным ең,
Кеудемді толтырып ең
Ән мен күйге,
Алдыңнан шығатын ем,
Аялап тұратын ем
Таңмен бірге.
Тербетіп жалғыз арман
Жүретін жас жанымда.
Жүзетін жалғыз аққу
Аспанымда.

Қайырмасы:

Гүл бейнең көңілімде,
Іздеймін сені күнде. 2 рет
Аяулым, асыл еркем,
Ақтолқыным.

Сен менің еркем едің,
Көктемдей көркем едің,
Балғын едің,
Нұр ойнап гүл өңінде –
Мәңгілік жүрегімде
Қалды менің.
Шығушы ек қол ұстасып.
Таулардың асқарына.
Қонушы ең бұлбұл болып
Жас бағыма.

Қайырмасы:

Өзі едің арманымның
Есінде бар ма бүгін
Өткен күндер,
Қоштасып әлдеқалай,
Артына бір қарамай
Кеткен күндер.
Балғын күн, бал дәуренім,
Қайта бір оралар ма?
Алдымнан самал болып
Соға алар ма?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ толқын өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Ақ толқын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ толқын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ толқын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері