Сарыағаш самалы – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Сарыағаш самалы» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қалдың ба ұнатып Сарыағаш самалын,
Жүрекке жидың ба жұпарын даланың?
Оңтүстік аспаны тұратын алаулап,
Одан да отты екен, жас құрбым, жанарың.

Қайырмасы:
Көктемнің балбыраған құрағындай,
Еліктің жаудыраған лағындай.
Балауса балғын жүзім,
Бақытым – бал-қызығым,
Жарығым – жан жұлдызым,
Балқытар Сарыағаштың бұлағындай.

Лебіндей көктемнің мөп-мөлдір ауасы,
Көгілдір таулардың, баулардың арасы.
Жаным-ау, жалғыз-ақ өзің бе гүл атқан –
Құмартқан жүректің мың да бір дауасы.

Қайырмасы:

Жырға да, нұрға да бөленді ән-өлкем,
Өзіңді сағынып тұрамын таңертең.
Жайнатқан аспанды жұлдыздай жарқырап,
Жанымда мәңгілік жүрсеңші, жан еркем.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарыағаш самалы өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Сарыағаш самалы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарыағаш самалы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарыағаш самалы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері