Жұлдызым менің – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Жұлдызым менің» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жаудыратып, балбыратып гүл жүзін,
Тағдыр маған қиған шығар бір қызын.
Әуел баста-ақ маңдайыма жазылған.
Сен боларсың, сен боларсың, жұлдызым. 2 рет

Олай болса, қолыңды бер, ер маған,
Енді мәңгі жан серігің мен болам.
Аспан бізден аямайды шуағын,
Ақ тілегін береді анау кең далам. 2 рет

Жасқанба тек, жатырқама, ұялма,
Бірге күл де, бірге шалқып, қиялда.
Мың жұлдыздың ортасынан бөліп ап,
Бір өзіңді әкетемін қиянға. 2 рет


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдызым менің өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Жұлдызым менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлдызым менің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдызым менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері