Біз екеуміз

Бұл бетте «Біз екеуміз» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Екі гүлміз бір кеудеде қаулаған,
Екі жүрек бір бесікте аунаған.
Екеуміздің үніміз де ұқсайды,
Екеуміздің түріміз де аумаған.

Ойнап-күліп жүргенменен ол аман,
Мына жақта күндіз-түні мен алаң.
Гүл бақшада жүрсем де өзім,
Сол жүрген
Сонау құмның ауасымен дем алам.

Алғаш жаңбыр тауға төгіп өткенде,
Мен шығамын аласұрып көк белге.
Сол бір жақтан келе жатқан құстар да
Содан хабар әкелердей көктемде.

Ол да мені келеді іздеп шығаннан,
Мен де барып, қайтам шығып құмардан.
Көк аспанда сайрап жатқан құс жолы
Екеуміздің жолымыздан құралған.

Мен онымен бірге құлап, бір ұшам,
Соның бәрін үнсіз ғана ұғысам.
Жаным менің жатсын тіпті өртеніп,
Жайсыз хабар естіртпеуге тырысам.

Ол жүргенде менің де жоқ түк қайғым,
Тал басында мөлдіреген шықтаймын...
Екі адамға түскен жүкті көтеріп,
Екі адамға өмір тілеп ұйықтаймын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біз екеуміз өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Біз екеуміз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біз екеуміз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біз екеуміз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері